«Стэп бай Стэп» қорының ұйымдастырушылары және басшылары болып Шейн және Мишель Кук табылады. Екеуінің де Орталық Азиядағы жұмыс өтілдері жеткілікті. Олар «Стэп бай Стэп» қорын Қазақстанның жаңа астанасында – Астана қаласында құрды. Қазіргі уақытта музыкантшылармен/орындаушылармен жергілікті деңгейде жұмыс істейтін сауда-саттық және сауда-саттық емес музыкалық компаниялардың саны шектелген. Олар қолдайтын орындаушылардың саны аз, ал шығындарды белгілі бір қоғам шегінде, жергілікті деңгейде әрекет ететін музыкантшылардың/орындаушылардың көпшілігінің қалталары көтермейді. «Стэп бай Стэп» қоры алдына қоятын мақсаты осындай музыкантшылармен/орындаушылармен кездесу болып табылады.
Алғашқы рет Мишель солтүстік-батыс Қытайға 1999 жылы ағылшын тілі оқутышысы ретінде барған. Оны таң қалдырған нәрсе – ондағы халықтардың алуан-түрлілігі және өмірге құштарлығы. Ол оңтүстік Қытайға 2000 жылы оралып, кішкене бұйымдарын шетелге сататын жергілікті қолөнершілердің кеңесшісі ретінде жұмыс істеп жүрді. Оның 2001 жылы солтүстік-батыс Қытайға оралып келіп, ұйғыр және мандарин халықтарының тілін және мәдениетін зерттей бастағаны таң қалдырар нәрсе емес. Осы сапар оның жүрегіне Азия халықтарына деген сүйіспеншілігін одан әрі бекітті.
Шейн алғашқы рет солтүстік-батыс Қытайға Алматы, Қазақстан арқылы 1997 жылдың басында келді. Осында ол қазақ тілін және домбыра атты қазақ аспабын зерттей бастады. Өзі үшін қазақтың және басқа да халықтардың дәстүрлі өнерлерін - өткен, қазіргі және болашақ заманның рухтандыратын үйлесімін ашты. Орталық Азия халықтары және туған халқы Канада елін қоныстайтын чиппева-кри тайпасының арасында байланыстарды байқап, оның зерттелуін тіледі. |