Жан-жақты, мәдениетаралық түсінушілікке және қарым-қатынастардың дамуына жол салу үшін түрлі адамдарға бір-бірімен танысуға мүмкіндік беретін қоғамдық форум қажет.
Бүгінгі таңда әуен фестивальдары сияқты қоғамдық форумдарды өткізу мәселесі қарастырылуда. Қазақстанның сахнасында өнер көрсетуге Солтүстік Америка, Еуропа және басқа аймақтардан орындаушыларды шақыру жоспарланған. Осы фестивальдарға түрлі халықтар өкілдерінің, не шектелген топ өкілдерінің өнер көрсетуі кіруі мүмкін. Олар шектелген, жеке немесе ұлттық деңгейдегі іс-шара түрінде өткізілуі мүмкін.
Оған ұқсас, қазақ орындаушылардың Солтүстік Америка, Еуропа және басқа аймақтарға сапарлары қарастырылатын болады. Басқа жерлерде өтетін тиісті фестивальдар олардың тізіміне Қазақстан және Орталық Азиядан орындаушыларды енгізу мүмкіншілігін анықтау үшін қарастырылады.
Кітап сату жәрмеңкелері, поэтикалық кештер, авторлармен кездесулер, т.б өткізу мәселесі қарастырылуда. Олар ірі фестивальдарға қарағанда, төмендеу деңгейде өтетіндіктен, оларды ұйымдастыру одан гөрі жеңілдеу болады.
Орындаушыларға, әншілерге, бишілерге, суретшілерге, жазушыларға басқа өнер қайраткерлеріне және өнерге құмар қауымға бір-бірін ресми емес ортада кездестіріп, ол арқылы жеке және кәсіби қарым-қатынастарды тереңдетуге мүмкіндік беретін шараларды қарастыру жоспарлануда. |