Бүгінгі таңда қазақ мәдениеті туралы баяндайтын кітаптардың аударылу мәселесі қарастырылуда. Осындай кітаптардың ағылшын тіліндегі саны шектеулі, ал қолжетерлік кітаптар көбінде шетелдіктермен жазылған.«Стэп бай Стэп» қорының мақсаты – қазақ жазушыларының өздері туған мәдениеті, түрлі нысандары, дәстүрлері, құрылымдары, т.б. туралы жазғылары келетін шығармаларын ұсыну.
Қазақ халқының және Орталық Азия халықтарының белгілі жазушыларының шығармалары ағылшын тіліне аударылған болатын. «Стэп бай Стэп» қоры шығармалардың арасынан ағылшын және басқа тілдерге аударуға жарайтын нұсқауларын таңдауды көздеп отыр. Талаптарға сәйкес шығарманың қазақ және Орталық Азия халықтарының дәстүрлі және қазіргі замандағы ойларын, сенімін және тәжірибесін қаншалықты дәл көрсететіні анықталады.
Қазақ әдебиетінің назар аударар саласы, біздің ойымызша, қазақ поэзиясы болып табылады. Материалды аудару қиыншылықтарды туғызар, алайда өнердің осы түрінің қазақ ойын, сенімін және тәжірибесін түсінуде маңызы зор.
«Стэп бай Стэп», халықаралық қор бола тұрып, өзінің қызметін тек ағылшын тіліне аудармаларға арнауды көздемейді. Біз басқа тілдерді, оның ішінде мемлекеттік, неміс, француз, испан, қытай, кәріс және итальян тілдерін білетін өкілдермен және аудармашылармен кездесуді жоспарлаймыз. Дәл солай, басқа халықтардың шығармалары қазақ тіліне аударылатын болады. |